Медицина и инновацииМ Сабиров, О Скосырева +12021
Жумагымсын, туг ан жер
ЖҰМАҒЫМСЫҢ ТУҒАН ЖЕР» · Кенжебаева Роза Сайлауовна · Сейдиллаева Гүлжайна (Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы оқытушысы)
Объединяя студентов: международные исследования и сотрудничество между дисциплинами · 2025
Аннотация
Мақалада жас ақын Мейрамбек Әбдіқалиевтің туған жеріне арналған жырлары, ауылдағы өмір ерекше нәзіктікпен суреттеліп, ақынның кiндiк кесiп, кiр жуған өлкесіне деген махаббаты шынайы шеберлікпен жырланған. Кілт сөздер: Ақын, жыр, поэзия, өмірбаян, ақындық шабыт.... Адам баласының өмір атты өрлі өзеннің кемесіне мініп, бауырында еркін өсіп, тынысын кең алып, балапандай қанаты қаққанша өсіп, ер жетіп, болашағынан үлкен үміт күткен киелі мекені өзі туған ауылына не жетсін?! Бойында жырдың қуаты, ойында нұрдың шуағы, әдебиет майданының жаңа майталманы Мейрамбек Әбдіқалиев өзі туған аулын жанындай жақсы көріп, мақтанышпен жырлайды. Жырдан інжу маржан жыр моншағын терген ақынның өнер туындысына үңілген сайын бойыңды ерекше сезім билеп, махаббат пен тебіреніске толы жырларын оқыған сайын ақынның қуаныш пен мұңға, сағыну мен аңсауға толы жырлары бізді сонау албырт жастық 173 STUDENTLERDI BIRLESTIRIW: XALÍQARALÍQ IZERTLEWLER HÁM PÁNLER BOYINSHA BIRGE ISLESIW 1-XALÍQARALÍQ STUDENTLER KONFERENCIYASÍ. NÓKIS, 2025-JÍL 20-21-MAY шаққа жетелеп бара жатқандай сезінеміз. Ақынның туған аулына арнап жазған «Біздің ауыл сұрасаң» өлеңінде: Ауылым, алыс күндер шіркін елес, Жүректе қалайша енді жыр түнемес. Тандырға нан жапқанда ақ жеңгелер, Нан ауыз тимей өту мүмкін емес. Тарихы тұнып тұрса әр тасында, Сағыныш шумақ жырмен тарқасын ба? Әжейлер ғажайып қай ауылдағы, Тәттісі таусылмайтын қалтасында. Бұл ақынның ауылға деген сағынышпен өрілген лирикалық шығармасы. Ақын балалық шақтың тәтті естеліктерін, ауыл өмірінің ерекше көріністерін суреттеп, туған жердің орны бөлек екенін жүрекпен сездіреді. Ақын өткен күндерін еске ала отырып, ауылдың жылулығын, қарапайым өмірдің қадірін ерекше сезінеді. - "Тандырға нан жапқанда ақ жеңгелер, Нан ауыз тимей өту мүмкін емес", "Шай ішпей кете алмаушы ед сары маймен, Бөтен қой іздеп келсе көрші бала." – бұл жолдар ауылдағы қазақи қонақжайлықты, адамдардың пейілі кең даладай дархандығын көрсетеді. Бір жұмақ бар деп білем жер шарында, Сақтаулы қалар дәйім сол шағында. Ауылым-алтын бесік, туған жерім, Сағынсаң сол шақтарды келші ауылға.... Сағындым сол бақтарды, жүрші ауылға. Ақынның ауыл өмірінің әр сәтін қалт жібермей, жүректен тербеп, сағынышпен жазылған көркем туындысы. Тақырыбы — туған ауыл, балалық шақ, өткен өмірдің тәтті естеліктері. Ақын ауылды тек бір мекен ретінде емес, өзінің жан тыныштығының, балалығын аңсаудың символы ретінде суреттейді. Өлеңнің әрбір шумағы ауыл өмірінің көріністерін көз алдымызға елестетіп, оқырманды балалық дәуренге жетелейді. Өлеңнің құрылымы шымыр әрі біртұтас. Әр шумақта нақты бір сурет немесе ой беріледі де, соңында барлығы тұтас бір сағыныш сезіміне ұласады. Шумақтар арасындағы байланыстырушы ой — сағыныш пен ауылға деген махаббат. Автордың қолданған қайталауы — «Ауылым — алтын бесік, туған жерім, Сағынсаң сол шақтарды келші ауылға... Сағындым сол бақтарды, жүрші ауылға» — өлеңнің өзегіне айналған. Бұл қайталау өлеңге әуезділік пен әсерлілік сыйлап, оқырманның жүрегінде терең ой қалдырады. Өлеңдегі көркемдік құралдар ерекше назар аудартады. Эпитеттер мен теңеулер арқылы ауыл өмірі бояуы қанық, бейнелі суреттеледі. Мысалы, «тандырға нан жапқанда ақ жеңгелер» деген жолдар ауылдың қарапайым тұрмысын, отбасылық жылылықты жеткізсе, «әжейлер ғажайып қой ауылдағы, тәттісі таусылмайтын қалтасында» деген жолдар балалық шақтағы аңқау сенім мен тәтті естеліктерді бейнелейді. Өлең қатарларындағы осы жолдар арқылы автор ауылдың әрбір бұрышы, әрбір адамы ерекше екенін баса көрсетеді. Өлеңде ауыл тарихы да шебер өрілген. «Тарихы тұнып тұрса әр тасында» деген жолдар ауылдың терең тамырын, өткен өмірмен байланысын білдіреді. Әр тасы, әр бұрышы тарихтан сыр шертіп тұрған ауыл — нағыз киелі мекен бейнесінде суреттелген. Ақын ауыл өмірін ерекше нәзіктікпен суреттейді. «Шай ішпей кете алмаушы ед сары маймен» - ауылдағы қонақжайлық пен мейірімнің айқын көрінісі. Мұндағы сары май — ауылдың дәмі мен жұпары аңқыған иісін сездіріп отыр. Ал «қалалық бассейндер бере алмай жүр, арықта асыр салған қылықтарды» деген жол қазіргі қалалық өмір мен ауылдың табиғи, 174 STUDENTLERDI BIRLESTIRIW: XALÍQARALÍQ IZERTLEWLER HÁM PÁNLER BOYINSHA BIRGE ISLESIW 1-XALÍQARALÍQ STUDENTLER KONFERENCIYASÍ. NÓKIS, 2025-JÍL 20-21-MAY шынайы өмірін салыстыру арқылы балалықтың қадірін аша түседі. Бұл жерден біз бал дәурен балалықтың нағыз бақыт екенін, оны сатып та ала алмайтынымызды түсінеміз. Өлеңнің тілі жеңіл, түсінікті, қарапайым халықтық сөздермен өрілген. Сол себепті оқырманға ой салуымен бірге жүрекке жылы тиеді. Жалпы өлең бойынан ұлттық таным мен ауыл өмірінің иісі аңқып тұр. Өлеңнің финалында берілген «Бар жұмақ сол деп білем жер шарында, Сақтаулы жүректерде сол шағында» деген ой — түйін, өлеңнің философиялық мәнін аша түседі. Ақын нағыз жұмақ адамға туған жері, балалық шағы өткен ауылы екенін білдіріп тұр. Өлең ұйқасы — қара өлең мен еркін ұйқастың үйлесімі. Яғни, бірінші, екінші және төртінші тармақтар ұйқасып, үшінші тармақ көбіне еркін немесе іштей үндесіп тұр. Көркемдік құралдардан эпитет, теңеу, мет
Доказательный фрагмент
«Мақалада жас ақын Мейрамбек Әбдіқалиевтің туған жеріне арналған жырлары, ауылдағы өмір ерекше нәзіктікпен суреттеліп, ақынның кiндiк кесiп, кiр жуған өлкесіне деген махаббаты шынайы шеберлікпен жырланған.»
Образец извлечения
Демо-превьюМақалада жас ақын Мейрамбек Әбдіқалиевтің туған жеріне арналған жырлары, ауылдағы өмір ерекше нәзіктікпен суреттеліп, ақынның кiндiк кесiп, кiр жуған өлкесіне деген махаббаты шынайы шеберлікпен жырланған. Полный текст публикации CiteX не хранит — доступ к первоисточнику открывается по DOI согласно лицензии издателя и выбранному плану.
- Цитирований
- 0
- Просмотров
- 0
- Тип
- Журнал
- Страна
- Узбекистан
- Ключевые слова
- словообразование, морфология, типология, деривация, морфемика, poem, стихотворение, биография, өмірбаян, жыр, biography, поэма, поэзия, ақындық шабыт, Ақын, поэт, poet, poetic inspiration, поэтическое вдохновение
Смежные источники
ЖУРНАЛ ПРАВОВЫХ ИССЛЕДОВАНИЙСуванов Сардор Бахадирович2026
Научные статьиM.H.Sayidova, S.U.Pulatova2025
Общество и инновацииKhosiyat MAMATKULOVA2024