American Journal of Philological SciencesMardanova Zilola Fatxullo qizi2024
Қазiргi Қазақ-Қарақалпақ лирикасының даму үдерiстерi
ҚАЗӀРГӀ ҚАЗАҚ-ҚАРАҚАЛПАҚ ЛИРИКАСЫНЫҢ · ДАМУ ҮДЕРӀСТЕРӀ · Абдигалиева Ұлбосын · Смамутова Ширин
Объединяя студентов: международные исследования и сотрудничество между дисциплинами · 2025
Аннотация
Мақалада лириканың өзіне тән ерекшеліктері, қазіргі қазақ-қарақалпақ лирикасының даму үдерістері сөз болады. ХΙХ ғасырда Абай, Әжінияздан бастау алған қазақ- қарақалпақ лирикасының қазіргі таңдағы өзіндік сипаты мен бағытына тоқталады. Лирикада әсерлілiк күші басым. Сырлы суретке толы. Сондықтан лирикада баяндаудан гөрі суреттеу жағы көбірек кездеседі, сол арқылы оқырманның жан дүниесіне үлкен шабул жасап, ерекше сезім сыйлайды. Лирикада да шындық айтылады, сөз суреттері сезім сырларымен астасып, қабысып жатады. Жалаң қайғы, бірыңғай қуанышты айтып қоймайды, сол мұң мен қайғының, қуаныш пен күлкінің артындағы шындықтың қамтитын құлашы кең, әлемдік шындықпен тұтасып жатады. Лирикалық жырларды оқығанда сана-сезімнің пернелеріне дәл тиіп, тілің емес жаның сөйлейді. Көңіл-күйі тебіренеді, жаны тулайды. Құс болып қалықтап, ән болып шарықтайды. Лириканың қуаты осында. Лириканы талантты ақындар ғана жаза алады. Дарынсыздардың жазғаны ойбай мен айқайдың деңгейінен аса алмайды. Қазақ-қарақалпақ әдебиетінде лирика жанры қай дәуірде туа бастады деген сұраққа үңіліп көрейік. Қарақалпақ сөз өнерiнiң табиғатын жақсы бiлетiн фольклоршы алым Қ.Айымбетов XIX ғасырдағы қарақалпақ ақындарының жазба әдебиеттiң өкiлдерi екенiн сонымен қатар олардың халық жыршыларының да өкiлi екендiгiн, олардың «әрi ақын, әрi жыршы, әрi әншi, әрi қыссахан» болып жан-жақты қалыптасқанын айтады [1]. Қазақ-қарақалпақ әдебиетінде лирика ХΙХ ғасырдан бастау алып, оның мықты өкілдері ретінде Абай мен Әжінияз ақынды атап өтуімізге болады. Ақындардың шығармаларында қоғамдық-тарихи, тұрмыстың көзқарасын аңғарту үшiн тиiстi көркем формаларды қолдануы нәтижесiнде лирика жанры туады. ХΙХ ғасырдағы поэзияны зерттеген қазақ-қарақалпақ ғалымдары әдеби жанрлар да соның iшiнде лирика жанрының пайда болуын, оның бұрынғы жыраулар поэзиясынан қай тұсымен ерекшеленетіндігін, лириканың тәртiп, талаптарға сай қалыптасқанын көрсетеді. Лириканың әдеби түр сипатында жалпы қасиеттерiн, оның iшкi жiктелу заңдылықтарына, жалпы теориялық бағдарда әдебиеттану ғылымының жетiскендiктерiн, сондай-ақ бұл бойынша кең талдаулар жасаған белгiлi әдебиетшiлер, Г.Н. Поспелов, У.Туйчиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Қ.Жұмалиев, Қ.Жәримбетов, Қ.Айымбетовтардың т.б. пiкiрлерiн есепке алуымызға болады. ХХ ғасыр қазақ-қарақалпақ лирикасының қоржынына көптеген лирикалық дүниелер салды. Қазақ-қарақалпақ ақындарынан: Қасым Аманжолов, Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Төлепберген Мәтмуратов, Шаудырбай Сейтов, Байнияз Қайыпназаров, Ибрайым Юсупов және т.б. ақындардың лирикалық туындыларын ерекше атап өтуімізге болады. ХХΙ ғасырға келіп лирика жанры жан-жақты дами түсті. Дей тұрғанмен олқылықтары да жоқ емес. Әлеуметтік желінің кең өріс алуы дарынсыз «лириктердің» де көбейуіне алып келді. Қазіргі әдеби процесті «Өлеңге әркімнің де бар таласы» деп атауға мүлде болмайды. Өйткені бүгінгі таңда өлең деген «еріккеннің ермегіне» айналды. Аса қастерлі, қасиетті өлең деген ұғымды аяққа таптаушылар көбейді. Оқырман қауымның талғамы төмендеді. Адамдар көкжасық, сұрқай өлеңдерді оқып, поэзиядан көңілі қалды. Өресі биік өлеңдер азайды. 5 STUDENTLERDI BIRLESTIRIW: XALÍQARALÍQ IZERTLEWLER HÁM PÁNLER BOYINSHA BIRGE ISLESIW 1-XALÍQARALÍQ STUDENTLER KONFERENCIYASÍ. NÓKIS, 2025-JÍL 20-21-MAY Қазіргі идеяны кеңестік кезеңіндегідей қоғам ұсынып отырған жоқ, өйткені қоғамда салғырттық басым. Қазіргі идеяны өмірдің өзі, қоғамдық қатынастар ұсынып отыр. Қоғам туғызған өткір мәселелер Иран-Ғайып, Темірхан Медетбек сынды аға буын ақындардың шығармашылығынан орын алса, бірқатар ақындар өткен тарихты қалған ел өміріндегі маңызды оқиғалар мен тарихы тұлғаларды түгендеуге бағыттады. Т. Әбдікәкімов, Г.Салықпай, М.Райымбекұлы, Б.Беделхан, Т.Ешенұлы, Қ.Сарин, А.Елгезек, Е.Жүніс, қарақалпақ ақындарынан Х.Дәулетназаров, Б.Сейтаев, О.Сәтбаев, М.Жуманазарова, Г.Дәулетова сияқты жаңа үрдістің ақындары шығармашылығында жаңа көзқарасты, шығармаларды интонациялық мазмұнының декламативті емес, индивидуалды сипаты жетілген түрде көрінеді. Жаңа әдебиет кеңес қоғамындағыдай жалпы қоғамдық іс емес. Қазір ақындардың немесе әдебиетшілердің, жалпы аз топтың ісіне айналған. Қазір шын поэззияны бағалайтын оқырмандар авторларының жинақтарын өздері тауып, оңашада өзі ғана оқиды. Кезінде, Мұхтар мен Гүлнәр өлеңді екі түрлі аудиторияға арнады. Мұхтардың өлең жазу процесінде қолдаушысы – үлкен қауым болса, Гүлнәрдің көз алдында жалғыз оқырман болады. Мұхтар Шаханов өлеңдерінің екпінділігін, қайраттылылығы мен жігерлілігінің бастауы – көпшілік, ал Гүлнәр Салықбай өлеңдерінің қайнары – жұмбағы мол, кей тұста айтылмай іштен ұғынатын, нәзік сезімді, тұнық, ішкі толғанысы мен тербелісі мол жанның сыры. Мұхтар өлеңін өндірте жазған шақтар бар адамның, бүкіл қоғамның өлең оқитын, жырға құмар шағы еді. Гүлнәр өлең жазғанда қоғам мен адам рухани құндылықтардан гөрі әлеуметтік қайшылықтар алға шығып, өлең жеке адамның мәселесі шеберіне ойысқандықтан оның тақырыбы мен идеясы, көркемдік-бейнелілік ерекшеліктері, интонациялық – мелодикалық ж
Доказательный фрагмент
«Мақалада лириканың өзіне тән ерекшеліктері, қазіргі қазақ-қарақалпақ лирикасының даму үдерістері сөз болады.»
Образец извлечения
Демо-превьюМақалада лириканың өзіне тән ерекшеліктері, қазіргі қазақ-қарақалпақ лирикасының даму үдерістері сөз болады. Полный текст публикации CiteX не хранит — доступ к первоисточнику открывается по DOI согласно лицензии издателя и выбранному плану.
- Цитирований
- 0
- Тип
- Журнал
- Страна
- Узбекистан
- Ключевые слова
- Kazakh and Karakalpak literature, Литература, рубаи, theme of Karakalpakstan, kompozitsiya turlari, insonparvarlik g'oyalari, ruboiy, исторические связи, parallel compositional type, Literature, Karakalpak literature, qoraqalpog'iston mavzusi, Композиции четверостиший, adabiyot, казахская и каракалпакская литература, Toʻrtlik kompozitsiyalari, Compositions of quatrains, композиционная построение, композиционные типы, kompozitsion qurilish, humanistic ideas, гуманистические идеи, compositional types, каракалпакская литература, параллельный композиционный тип, tarixiy aloqalar, historical connections, rubai, тема Каракалпакстана, qozoq va qoraqalpoq adabiyoti, parallel kompozitsiya turi, compositional construction, qoraqalpoq adabiyoti
Смежные источники
American Journal of Philological SciencesShakhlo Kurbonova2024
Медицина и инновацииМ Сабиров, О Скосырева +12021
Научные статьиM.H.Sayidova, S.U.Pulatova2025