К содержанию
РецензированоRU2026

А.БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ҚАРАҚАЛПАҚСТАНДА ҮЙРЕНІЛУІ

А.БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ · ҚАРАҚАЛПАҚСТАНДА ҮЙРЕНІЛУІ

Международный журнал теории новейших научных исследований · 2026

Аннотация

Қазақ әдебиетінің майталман өкілдерінің бірі болған Ахмет Байтұрсыновтың оқу-білімге, өнерге, адамдық қасиеттерге шақыратын еңбектері қазіргі жастарымыз санасын оятып, отансүйгіштік патриоттық сезім оятары сөзсіз. Мен Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты ағылшын тілі пәні улкен оқытушысы PhD Гулмира Усенова институттың бастауыш тәлім бөлімі білімгерлеріне ағылшын тілінен сабақ беремін. Сабақ барысында Аxмет Байтұрсын ұлының еңбектерін әр сабағымда білімгерлермен талдау жүргізіп отырамын. Оның өлеңдері күш-жігерге, Отанға деген сүйіспеншіліке, адалдық пен адамгершілік қасиеттерге толы. Біздің Өзбекстанымызде тәлім мен қоса тәрбие қатар жүргізілгендіктен тілші әрі ақын, ірі қоғам қайраткері Ахмет байтұрсыновтың ел үшін жасаған ерлік туындылары жастарды оқу-білімге шарлары сөзсіз. Әсіресе оның «Маса» атты қырық мысалы, «Оқуға шақыру» сияқты өлеңдері жастарды өнер-білімге, Отан сүйгіштікке тәрбиелейді. Сондықтан осы өлеңдерін ағылшын тіліне аударып, оның мазмұнын айқын түсіндіруге әрекет жасаймын. Болашақта А.Байтұрсынов өлеңдерінің қазақша, қарақалпақша, ағылшынша аудармалары үстінде жұмыс жасамақпын. Бұл бойынша бізде мүлдем жұмыс жасалмаған, тың нәрселер. Осының басын ашу біз сияқты ұлт жанкүйерлерінің алдында тұрған басты міндет деп ойлаймын. Кілт сөз: лингвистика, тіл, әдебиет, қоғам, ғылым, білім. Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Қазіргі заманда, ғалымдар есебінше әлемде шамамен 6 мыңнан астам әр түрлі тіл бар екен. Соның 100- ден астамы ғана мемлекеттік мәртебе алған. Яғни тіл мәртебесі – ұлттың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейтін шынайы мемлекеттің сыны. Әрбір ұлт жеке мемлекет болған күннен бастап тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды. Оған әлемдегі барша елдердің тарихи даму жолы толық дәлел. Тіл үйрену ең алдымен балабақшадан басталып, мектепте орта әжне жоғарғы оқу орындарында жалғасатыны мәлім Тіл адам жанының тілмәші. Тілсіз, үжрек түбіндегі бағасыз сөздер, түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар. Жазушы, ақын деген сөз ойлаған ойын әдемілеп жарыққа шығара алатын адам деген сөз. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға тілің жетпесе, іш қазандай қайнайды. Қысқасы, адамның толық мағынамен адам аталуы тіл 35 арқасында. Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтыңның ұлт болуы үшін бірінші шарт тілі боялуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, бір есе желесіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең. Тілі де бай. Ахмет Байтұрсынов ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз замында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше. Сталинизм қылышынан қан тамған кезеңде Ахмет әуелі 1929 жылы бір ұсталып, ұзақ азап көріп, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы репрессияға ұшырап атылады. Ахмет қарапайым ғана кісі емес, оқыған кісі. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін салып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп үжргенде Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды. «Қырық Мысал» , «Маса» кітаптары, «Қазақ» газетіне редакторлық еткен еңбектерін Алаш кезеңін артынан компартияға кіргенін біледі. А.Байтұрсынұлы туған халқының ғылым – білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек», - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хәл – күйі оның қабырғасына қатты батты. Бұл жөнінде «Әуелі ауыл мектебінен басталық. Осы күнгі ауыл мектептерінде оқуға керекті құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз. Сонда да хат білетін қазақтардың проценті мұжықтардан жоғары... А. Байтұрсынұлы мұғалімдерді педучилищелер ашып арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келеді де, ондай оқу орнының әзірге қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерінен не қазақ медреселерін оқып бітірген жастардың талаптыларын мұғалімдік ұжмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасайды. Медреседе оқығандардың педагогика, әдістемеден хабарсыз екенін, ал орыс мектептерін оқып бітіргендердің мұсылманша хат білмейтіндігін қынжыла сөз етеді. Олардың білімін 36 жетілдіру мақсатында жаз айларында 1 – 2 айлық қысқа мерзімді курстар ашуды ұсынады. Автор қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндерді оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт та

Доказательный фрагмент

«Қазақ әдебиетінің майталман өкілдерінің бірі болған Ахмет Байтұрсыновтың оқу-білімге, өнерге, адамдық қасиеттерге шақыратын еңбектері қазіргі жастарымыз санасын оятып, отансүйгіштік патриоттық сезім оятары сөзсіз.»

Образец извлечения

Демо-превью

Қазақ әдебиетінің майталман өкілдерінің бірі болған Ахмет Байтұрсыновтың оқу-білімге, өнерге, адамдық қасиеттерге шақыратын еңбектері қазіргі жастарымыз санасын оятып, отансүйгіштік патриоттық сезім оятары сөзсіз. Полный текст публикации CiteX не хранит — доступ к первоисточнику открывается по DOI согласно лицензии издателя и выбранному плану.

DOI не указан
Цитирований
0
Тип
Журнал
Страна
Узбекистан
Ключевые слова
тіл, лингвистика, ғылым, білім, әдебиет, қоғам
Спросить CiteX об этой работе

Смежные источники