К содержанию
РецензированоRU2024

Түркі халықтарының философиясы ‒ ұлттық мәдениеттің негізі

МӘДЕНИЕТТІҢ НЕГІЗІ (International Islamic Academy of Uzbekistan Volume 5 | IIAU Conference 5 | 2024) · Алдабек Нұргүл Әбдіразаққызы (International Islamic Academy of Uzbekistan Volume 5 | IIAU Conference 5 | 2024) · Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық (International Islamic Academy of Uzbekistan Volume 5 | IIAU Conference 5 | 2024) · Ражабов Шухратжон Шералиевич (университеті жанындағы Абай, ҒЗИ доценті, ф.ғ.к.,)

Культура, отношения, философия туркоязычных народов: история, сегодня и будущее · 5 · 2024

Аннотация

В статье рассматривается философия тюркских народов в контексте философии современности. Будут изучены исторические основы и межкультурные связи тюркской философии, а также ее способность отвечать на современные проблемы, включая такие вопросы, как глобализация, социальная справедливость, экология и межкультурный диалог. Авторы отмечают разнообразие национальных философских традиций, роль исторических личностей, а также важную деятельность современных мыслителей в развитии новых концепций. Статья показывает, что философское мышление тюркских народов играет важную роль в современном контексте, способствует развитию национальной культуры. Ключевые слова: тюркская философия, межкультурный диалог, глобализация, национальная идентичность, философские концепции, национальная культура Құрметті әріптестер! Жыл сайын түбі бір түркі жұртының басқосулары ұлғайып келеді. Бұл аса қуантарлық жайт. Дамыған әрі толық жетілген кез келген ұлттық мәдениет өзіне тән философияны қалыптастырады, ол арқылы халық алдымен өзін, содан кейін әлеммен және басқа мәдениеттермен қарым-қатынасын түсінеді. Түркі философиясы — бұл ұлттық мәдениеттің байлығын, рухани тәжірибесін және қазіргі заманның сұрақтарына жауап беретін терең ойлау жүйесін білдіреді. Түркі философиясының мәні осында. Жалпы, түркі мәдениеті мен өркениеті қалыптасуының бірнеше негіздері бар. Түркі мәдениеті мен өркениеті тарихта туыс елдердің белгілі бір кеңістікте иелік етуі, мәдени алмасулардың өркендеуі арқылы қалыптасты. Түркі тілдес халықтар Еуразия кеңістігінде өмір сүріп, орта ғасырларда Оғыз және Қараханид October, 2024 IIAU.UZ 24 International Islamic Academy of Uzbekistan Volume 5 | IIAU Conference 5 | 2024 Turkiy xalqlar madaniyati, falsafasi, aloqalari: tarix, bugun va kelajak империяларын құрды. Бүгінгі күні түркі халықтарының мәдениеті өзіне тән ерекшеліктерімен ерекшеленеді, бірақ оларды біріктіретін ортақ аспектілер көп. Түркі өркениеті әлемдік өркениетке елеулі үлес қосты. Түркі тілдес халықтардың мәдениеті көршілес өркениеттермен, мысалы, парсы және араб мәдениеттерімен өзара әрекеттесіп, ерекше мәдени дәстүрлерді қалыптастырды. Түркі мәдениетінің негізінде ортақ тіл, діл және руханият жатыр. Тіл — діл мен дүниетанымды біріктіретін, тұтастыратын руханият. Аристотельдің пікірінше, тілдер сыртқы формаларымен ғана ерекшеленеді, ал ойлау барлық тілдерде бірдей. Классикалық философия нақты тілдерді философияның зерттеу нысаны ретінде қарастырудан бас тартып, тілдің маңызын ескермей қалды. Мысалы, Аристотельдің категориялары көне грек тілімен байланысты болды, ал Гегель философиясын тек неміс тілінде жеткізу керек деп санады. Қазіргі философиялық бағыттарға келсек, аналитикалық философия ағылшын тілінде, герменевтика неміс тілінде, структурализм мен постструктурализм француз тілінде дамыған. Орыс философиясының да өзіндік тақырыптары мен терминдері бар, олар басқа тілге аударғанда түсініксіз болуы мүмкін. Түркі философиясы да өзіне тән ұғым-түсініктермен бай. (Әр ұлт мемлекеттік тілді оқыту барысында өз философиясын, мысалы қазақ өз философиясын, өзбек өз философиясын, тіл мен философияның бірігуін ескеруі маңызды). Бүгінде түркі тілдері қарқынды даму үстінде. Тілдік интеграция мен дифференциация үдерістері бір уақытта жүруде. Ыстықкөлде өткен "Түркі елі" халықаралық симпозиумы түркі халықтарының өзара байланысының артқанын көрсетті. Бірқатар түркі халықтары қатысқан басқосуда бір-бірімізді түсіну қиындық тудырмады. Керісінше, тілімізді жаңа сөздермен байытты десек болады. Жалпы айтқанда түркі халықтарын ділдік, тілдік, генологиялық жағынан байланыстыратын дүниелер өте көп. Бұл ретте сөз өнері саналатын әдебиеттің тілдің дамуына ғана емес, мәдени бірегейлікті, философияны қалыптастыруға да әсер ететіндігін айтпасқа болмайды. Тіл мен әдебиеттің дамуы түркі халықтарының мәдениетінің, тарихының, құндылықтарының ,сонымен қатар ойлау жүйесінің сақталуына әсер етеді. Сонымен қатар әдебиет өз кезегінде қоғамда болып жатқан әлеуметтік және мәдени өзгерістерді көрсетеді. Заманауи қаламгерлер халықтың әлеуметтік мәселелерін, философиясын, ұлттық бірегейлікті, дәстүрлер мен заманауи өмірді суреттейтін жаңа шығармалар жазуда. Жазушы, қоғам қайраткері Нишонов Исоқжон мырзаның October, 2024 IIAU.UZ 25 International Islamic Academy of Uzbekistan Volume 5 | IIAU Conference 5 | 2024 Turkiy xalqlar madaniyati, falsafasi, aloqalari: tarix, bugun va kelajak «Махаббаттың мәңгілік жыры» деп аталатын біздің ұлы ақынымыз Абай мен оның сүйікті жары Әйгерімнің ұлы махаббатына арналған шығармасы әлемнің бес тіліне аударылыпты. Қазіргі кезде аталған шығарма автордың өз қаржысынан Америкада жарық көруге әзірленіп жатыр. Бүгінгі күні түркі философиясы мен түркі философтары туралы зерттеулер аз болғанымен, бұл тақырыптың өзектілігі айқын. Еуроцентристік көзқарас бойынша түркі халықтары өмірді белсенді әрекет деп қабылдайды. Олар ойлауды емес, өмірден алынған тәжірибені алдыңғы орынға қояды. Түркілер көшіп-қонуды, әрекет етіп соғысуды ғана біледі деген қате түсінік қалыптасқан. Мұндай пікір

Доказательный фрагмент

«В статье рассматривается философия тюркских народов в контексте философии современности.»

Образец извлечения

Демо-превью

В статье рассматривается философия тюркских народов в контексте философии современности. Полный текст публикации CiteX не хранит — доступ к первоисточнику открывается по DOI согласно лицензии издателя и выбранному плану.

DOI не указан
Цитирований
0
Тип
Журнал
Страна
Узбекистан
Ключевые слова
тюркская философия, межкультурный диалог, national identity, globallashuv, milliy o‘zlik, philosophical concepts, тюркская философия, Turkic philosophy, falsafiy tushunchalar, milliy madaniyat., межкультурный диалог, глобализация, национальная идентичность, философские концепции, национальная культура, intercultural dialogue, national culture, Turkiy falsafa, globalization, madaniyatlararo muloqot
Спросить CiteX об этой работе

Смежные источники