Научные статьиM.H.Sayidova, S.U.Pulatova2025
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ, СЕМАНТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ · ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖƏНЕ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ · СЕМАНТИКАЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ · Байкабилов Усербай Алимханович
Международный журнал теории новейших научных исследований · 2026
Аннотация
Ғалымның əрбір грамматикалық бірлікті сипаттауы қазіргі еңбектермен салыстырыла қарастырылып, қазақ тілінің грамматикалық бітім-болмысын берудегі Ахмет Байтұрсынұлының айрықша лингвистикалық таланты дəлелденді. Кілтті сөздер: дыбыс жүйесі, сөз жүйесі, сөйлем жүйесі, бастауыш атау тұлғада тұрған зат есім жəне заттанған басқа сөз таптары. Аннотация. Описание каждым грамматическим единством ученого сравнивается с современными трудами, доказывается исключительный лингвистический талант Ахмета Байтурсынова в придании грамматического мира казахскому языку. Ключевые слова: звуковая система, система слов, система предложений, начальное имя существительное, стоящее в лице, и другие классы слов Ғылым ешқашанда бір орында тұрақтап қалмайды. Бұл белгілі жайт. Қай сала болмасын уақыт озған сайын өркендей түсіп, қанатын кеңге жая түседі. Жəне бұл даму бұрынғыны жоққа шығару арқылы емес, керісінше, ескі білімнің негізінде жаңаның пайда болуы арқылы жүзеге асып отырады. Осы тұрғыдан келгенде, А.Байтұрсынұлының тілдік мұрасы ешқашан сарқылмайтын қайнар іспеттес. Сол қайнардан бастау алатын тарам-тарам бұлақтар бүгінгі күні арнасы толып қуаттанған шалқар көл тəрізді. А.Байтұрсынұлының лингвистикалық мұрасы уақыт өткен сайын жаңа қырымен, идеяларының өміршеңдігімен таныла түсуде. Ғалымның əрбір грамматикалық бірлікті сипаттауы қазіргі еңбектермен салыстырыла қарастырылып, қазақ тілінің грамматикалық бітім-болмысын берудегі Ахмет Байтұрсынұлының айрықша лингвистикалық таланты дəлелденді. Демек, Ахмет Байтұрсынұлының лингвистикалық мұралары екі нəрсенің бастамасы болып табылады: біріншіден «тіл туралы білімнің» бастамасы, екіншіден, «тіл туралы ілімнің» бастамасы. Біріншісін ғалым еңбектерінің оқу-ағарту саласындағы орны құраса, екіншісін қазіргі кемелдене түскен тіл салаларының өз бастауын Байтұрсынұлы пікірлерінен бастау алатындығы құрайды. Қазақ тіліндегі ғылыми дəстүрді Байтұрсынұлы жалғастырушы емес, бастаушысы болғандығын айтудан жалықпаймыз. Бастаушы болғаннан кейін, ғылым салаларының категориялық аппаратын Ахаңның өзі жасауға, қалыптастыруға тура келді. Кез-келген ғылым саласы ең əуелі, оның ғылым 7.1 148 2 10 ретіндегі қаңқасын құрайтын басты ұғымдардан, терминдерден тұрады. Ғылым одан əрі дамыған сайын негізгі ұғғымдар бөлшектеле түсіп, жаңа салалар, ұғымдар пайда болады, олар тың терминдік атауларға ие болады. Ахмет Байтұрсынұлының лингвистикалық білім саласы бойынша бүкіл терминдік жүйені жасаған: дыбыс жүйесі, сөз жүйесі, сөйлем жүйесі. Аталған терминдік жүйелер сөз ішінен тар мəндегі өзге ұғымдарға ажырап парадигмалық қатар құрайды. А.Айғабылұлы өз мақаласында Ахмет Байтұрсынұлынының тіл білімінен қалдырған мұрасын ойлағанда, баға беріп, салмағын сарапқа салғанда екі түрлі жол бар деп көрсеткен. Оның біріншісі, əрбір еңбек иесінің қай заманда, қандай ортада қызмет еткеніне қарай өлшеп, өз дəуірінің мүмкіндігімен бағалау. Бұл, негізінен, бұрын өткен тарихи кісілердің қай-қайсысына да баға бергенде ұстанатын нысан болуы тиіс. Ал екіншісі, тарихи тұлға мұрасының қазіргі тыныс-тіршілігімізге тікелей əсер етер қадір-қасиеті бар ма? Анықтап айтсақ, мұра тек асыл мұра ретінде бағаланбай бүгіндері басшылыққа алып, пайдалануға жарай ма? Жараса, оның қазіргі тіл білімін толықтыратын қандай артықтығы, озық түйіндері бар деген мəселе анықталуы керек деген. Біз осы жолдың соңғысына ойсып, Байтұрсынұлы жазған «Тіл – құралдың» қазіргі қазақ тілін зерттеу жұмысымен оны оқытудағы теориялық жəне практикалық маңызына тоқталмақшымыз. Қазіргі қазақ тілі Ахмет Байтұрсынұлы заманымен салыстыруға келмейтін сапаға көтерілді, маман ғалымдардың саны да сапасы да өзгерді. Осындай жер мен көктей айырмашылығы бар қазақ тіл білімін XX ғасыр басында жазылған бастауыш сыныпқа арналған Ахмет Байтұрсынұлының шағын көлемді еңбегімен салыстырып, бағасы артық тұсын көрсету ойға келе қоймайтын мəселе. Десек те, осындай тұстардың барына көз жеткен соң ғана қалам тартып отырымыз. Бір қызығы, бұндай материалдар көптеп табылады. Біз бұл хабарламада тек бастауыш пен баяндауыш туралы ғана əңгіме қозғамақпыз. Қазіргі қазақ тілі оқулықтарында «бастауыштық қызметте заттың сындық, сандық, қимылдық сапасын білдіретін сөздер де жұмсала береді», - деп сын есім, сан есім, есімшелерден болған бастауышты келтіреді де, олардың субстантивтеніп тұрғанын ескертеді. Ал олар не үшін заттанып тұр? Бұл сұраққа жауап жоқ. Сондықтан да «бəйгені озған алады», «берген ұят емес, алған ұят» деген сөйлемдердегі «озған, берген, алған» сияқты есімшеден болған бастауыштарға не қылған? не еткен? деген сұрақ қойылады. 7.1 149 2 10 Ал бастауыш сыныпқа арналған Байтұрсынұлының шағын оқулығында бастауыш болатын сөз – атау тұлғасындағы зат есімдер деп, бастауыш мейлі зат есім, сын есім, мейлі есімдік, етістік, үстеу, одағай болса да кім? не? сұрағына жауап беретінін ашық айтып отырады. Шындығында, бастауыш сөз табынан болса да, атау септігінде тұру арқылы ғана заттанады. Бірақ заттанған сөздің бəрі бастауыш бола алмайды. Ол тек атау септігінде тұрғандықтан бастауыш болады. Сын есім ілік, таб
Доказательный фрагмент
«Ғалымның əрбір грамматикалық бірлікті сипаттауы қазіргі еңбектермен салыстырыла қарастырылып, қазақ тілінің грамматикалық бітім-болмысын берудегі Ахмет Байтұрсынұлының айрықша лингвистикалық таланты дəлелденді.»
Образец извлечения
Демо-превьюҒалымның əрбір грамматикалық бірлікті сипаттауы қазіргі еңбектермен салыстырыла қарастырылып, қазақ тілінің грамматикалық бітім-болмысын берудегі Ахмет Байтұрсынұлының айрықша лингвистикалық таланты дəлелденді. Полный текст публикации CiteX не хранит — доступ к первоисточнику открывается по DOI согласно лицензии издателя и выбранному плану.
- Цитирований
- 0
- Просмотров
- 0
- Тип
- Журнал
- Страна
- Узбекистан
- Ключевые слова
- звуковая система, система слов, система предложений, начальное, жүйесі, бастауыш атау тұлғада тұрған зат есім және заттанған басқа сөз таптары, дыбыс жүйесі, сөз жүйесі, сөйлем жүйесі
Смежные источники
Общество и инновацииKhosiyat MAMATKULOVA2024
Магистерские диссертацииЮлдашев Ж.Х2014
Журнал универсальных научных исследованийAND RESTORATION, Khatamov Orif Yusupovich2024