Научные статьиM.H.Sayidova, S.U.Pulatova2025
ЖУРНАЛИСТИКАДА ЖАҢА МЕДИА ТРЕНДТЕР
Нұрлан Усманов
Академические исследования в современной науке · 2021
Аннотация
В последние годы во многих странах мира снизились показатели поиска и ознакомления с новостями. По мнению специалистов сфер, основной задачей СМИ на данный момент является повторное вовлечение тех, кто не интересуется новостями, установление более глубоких отношений с постоянными читателями, поиск новых способов общения с молодой аудиторией, внедрение новых интерактивных форматов, пересмотр правил поведения журналистов в социальных сетях. В статье говорится об основных тенденциях современной журналистики. Ключевые слова: новые медиа, новый тренд, медиакоммуникация, социальные медиа, цифровые медиа, новые тренды в СМИ. Reuters-тің Журналистиканы зерттеу институты жаңалықтар индустриясының жетекшілерімен сұхбатқа негізделген болжамын жариялады. Баяндамада биыл баспагерлер назар аударуы тиіс журналистика, медиа және технологияның соңғы тенденциялары туралы ақпарат берілген. Біз зерттеудің негізгі тенденциялары мен қорытындылары туралы айтамыз. Соңғы бір жылда әлемнің көптеген елдерінде жаңалықтарды іздеу, олармен танысу көрсеткіштері төмендеді. Сондықтан БАҚ-тың қазіргі таңдағы басты мақсаты жаңалыққа қызықпай қойғандарды қайта тарту, тұрақты оқырмандармен тереңірек қарым-қатынас орнату жас аудиториямен жаңа қатынас жолдарын іздеу, жаңа интерактивті форматтарды енгізу журналистердің әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелерін қайта қарап шығу. Жазылымдар және ақылы мүшеліктер 2021 жылы көптеген елдерде жаңалықтарды тұтыну азайғанымен, Reuters сауалнамасына қатысқан басылымдардың жартысынан көбі кіріс өсімін көрсеткен. Негізінен бұл жазылым және ақылы мүшеліктен түскен қаржы. Бұл тенденция тек 8,4 миллион жазылымы бар The New 79 ACADEMIC RESEARCH IN MODERN SCIENCE International scientific-online conference York Times газетіне ғана емес, сонымен қатар шағын басылымдарға да тән. Осылайша, бес баспагердің төртеуі Reuters агенттігіне жаңа жылғы жазылым олар үшін басымдыққа ие (приоритетте) екенін айтты. Дегенмен, көптеген БАҚтар медиа мен натив (жергілікті) жарнамадан, ивент (ойын-сауық немесе жарнамалық тұрғыдан көпшілікке арналған іс-шаралар) оқиғалар мен демеушілік контенттен бас тартуды жоспарламай, алтын орта (золотая середина) жолды іздеуде. Жаңалықтар агенттіктерінің басшылары таза жазылым үлгісі тек ауқатты аудиторияға арналған артықшылық деп алаңдайды. Сондықтан кейбір басылымдар тұрмысы төмен отбасылардан шыққан адамдарға олардың мүмкіндігіне қарай төлеуді ұсынады. Кейбіреулері қарттар үйінде тұратын адамдарға тегін жазылуды ұйымдастырады. Подкасттар мен видеобейнелерден көбірек пайдалану Жазылым және мүшелік өнімдерін игеру үшін баспагерлер оқырмандарды, көрермендерді және тыңдаушыларды көбірек тартуы керек. Оқырман санын арттыру үшін БАҚтар жас аудиторияны қамтуды жоспарлауы тиіс. Ол үшін олар хабарлар жіберуге (рассылка жасау), подкасттарға және видео-бейнелерге инвестиция салуда. Пандемия кезінде мұндай контент өте танымал болды. Ірі басылымдар өздерінің қосымшаларын әзірлеу арқылы аудио кеңістігінде орын иелеуге тырысуда. Ал кішіректері күнделікті аудио және видео платформаларда тәуелсіз авторлармен бәсекеге түсуде. Reuters сауалнамасына қатысқан баспагерлердің жартысына жуығы Instagram, TikTok және YouTube-те жарнамалауға назар аударуда. Ал Twitter мен Facebook-те аз күш жұмсауда. Ақылы платформаларда таланттарды табу Өткен жылдары журналистер жаппай жаңалықтар бөлімін тастап, Substack (Сабстэк) және басқа ақылы платформаларда өз бизнесін бастады. Нәтижесінде көптеген басылымдар құнды кадрларынан айырылды. Бірақ тәуелсіз авторлардың барлығы бірдей монетизацияға (цифрлық контентте табыс табуға) қол жеткізе алмады. Сондықтан олардың біразы биыл редакцияға қайта оралды. Бірақ, ең алдымен, баспагерлер ымыраға келіп, мұндай журналистерге өздерінің 80 ACADEMIC RESEARCH IN MODERN SCIENCE International scientific-online conference подкасттары мен ақпараттық бюллетеньдерін шығаруды жалғастыруға мүмкіндік беруі керек болады. Негативтілік пен қарама-қайшылық азайту Журналистер де, оқырмандар да таусылмайтын жағымсыз жаңалықтар мен келеңсіз хабарлардан жалыққан. Сондықтан биылғы жылы конструктивті хабарлау форматтарына көбірек көңіл бөлінуде. Бұл кадрлардың ротациясына әкелуі мүмкін. Редакцияға ескі мәселелерге жаңа көзқараспен қарайтын, жаңалықтарды дайындау жайлы дәстүрлі идеяларды қайта көріп шығуға дайын адамдар керек. Журналистерге арналған әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері Көптеген БАҚ журналистердің әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелерін қатаңдатуды талап етіп отыр. Сараптауға қатысқан көптеген редакторлар мен менеджерлер журналистер Twitter және Facebook-те жаңалықтарды жариялаудың редакциялық саясатын ұстануы керек деп санайды. Жеке көзқарастарды білдіру мүмкін емес – бұл аудиторияның сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін. Климаттық контент Климаттық контентті жарнама берушілер жоғары бағалайды және олар бұл арқылы жақсы ақша табады. Дегенмен, бұл тақырыпты жаңалықтарда қамту қиынға соғуының бірнеше себебі бар. Мысалы, жаңалықтарды таратуда өзгерістердің әлсіз қарқыны, мұңды көз
Доказательный фрагмент
«В последние годы во многих странах мира снизились показатели поиска и ознакомления с новостями.»
Образец извлечения
Демо-превьюВ последние годы во многих странах мира снизились показатели поиска и ознакомления с новостями. Полный текст публикации CiteX не хранит — доступ к первоисточнику открывается по DOI согласно лицензии издателя и выбранному плану.
- Цитирований
- 0
- Тип
- Журнал
- Страна
- Узбекистан
- Ключевые слова
- новые медиа, новый тренд, медиакоммуникация, социальные медиа, новые тренды в СМИ., цифровые медиа
Смежные источники
Общество и инновацииKhosiyat MAMATKULOVA2024
Академические исследования в современной наукеKhudaiberdiyeva Arafat Israilovna, Ph.D Professor hudayberdiyevaarofat@gmail.com +12026
Диссертации и авторефератыYusupov Kuanıshbay Baltabayevich2026