American Journal of Agriculture and Horticulture InnovationsGINNING ENTERPRISES, Ungarov Azizbek Abdumo‘Min O‘G‘Li +22022
Меры борьбы с вредителем myiopardalis pardalina на бахчевых полях, биология и вредоносность вредителя
EDUCATION AND TECHNOLOGY INNOVATIONS · ҚАУЫН ЕГІСТІКТЕРІНДЕГІ МYIOPARDALIS PARDALINA · ЗИЯНКЕСТЕРІМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ · ЗИЯНКЕСТІҢ БИОЛОГИЯСЫ · МЕН ЗИЯНДЫЛЫҒЫ · Тойжигитова Б. · Байменова А. · Туркестан Казахстан (1,2Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмеда)
Ренессанс в парадигме новаций образования и технологий в XXI веке · 2021
Аннотация
Бұл мақалада Қауын шыбынына қарсы қолданылатын агротехникалық және химиялық іс-шаралар, зиянкестің биологиясы мен зияндылығы, зиянкестердің даму циклін зерттеу және инсектицидтердің тиімділігін бағалау болды. Қауын егістіктеріндегі Мyiopardalis pardalina зиянкестерімен күресу шаралары, зиянкестің биологиясы мен зияндылығы 2021-2023 жылдары зерттеу мақсатында қауын шыбындарының ошақтарын жоюдың қолайлы әдістері Түркістан облысы, Отырар ауданы далалық жағдайында зерттелді. Қауын шыбындарының ошақтарын оқшаулау және жою. Зиянды организмнің одан әрі таралуын шектеу, карантиндік фитосанитариялық шараларды қатаң сақтау,тиімділікті бағалау жүргізілді. Түйін сөздер: балужистан қауын шыбыны қауын, зиянкестер, аурулар, егін және сапа.сапасы Annotation This article focused on the agrotechnical and chemical measures used against Melon flies, the biology and harmfulness of the pest, the study of the pest development cycle and the evaluation of the effectiveness of insecticides. Measures to combat the pest Myiopardalis pardalina in melon fields, biology and harmfulness of the pest in 2021- 2023 for research purposes, favorable methods for eliminating foci of melon flies were studied in the field conditions of Otrar district, Turkestan region. Isolation and destruction of foci of melon flies. Limiting the further spread of the pest, strict compliance with quarantine phytosanitary measures,and evaluating the effectiveness were carried out. Keywords: Balochistan melon fly melon, pests, diseases, yield and quality, quality Кіріспе Өсiмдiк шаруашылығының маңызды салаларының бiрi бақша шаруашылығы, дүние жүзi елдерінiң барлығына дерлiк тән. Жылдық өнiмдiлiгі 600 млн т оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсiредi. Жоғары маманданған бақша 613 XXI CENTURY RENAISSANCE IN THE PARADIGM OF SCIENCE, EDUCATION AND TECHNOLOGY INNOVATIONS шаруашылықтары ірі қала маңдарында шоғырланған. Ал жемiс-жидек шаруашылығы табиғат, жағдайлары қолайлы және көлiк түрлерiмен жақсы қамтамасыз етілген аймақтарда орналасқан. Жылдық өнiмдiлiгi 430 млн т,оның 2/5- сiн Азия елдерi жинайды. Алуан түрлі көкөністер - негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады. Көкөніс дақылдарының көпшілігі жылуды, жарықты, ылғалды, құнарлы топырақты сүйеді. Бақша дақылдарының (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді) олардан өзгешелігі - құрғақшылыққа төзімділігі, олар борпылдақ, құмды топырақта жақсы өседі. Көкөністің 2/3-сін, қауын-қарбыздың 9/10-ын беретін Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарын еліміздің «дәрумен цехы» деп дұрыс атайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының, оның ішінде бақша дақылдарының өнімділігін арттырудың алғы шарттарының бірі егістікті зиянкестерден, аурулардан және арам шөптерден тазарту болып саналады. Қазақстанда 2005 жылдан бастап карантиндік нысан болып есептелетін қауын шыбынымен (Мyiopardalis pardalina Вig.) күресуге деген қажеттілік туындады. Бұл зиянкес өзінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты өте қауіпті және жойылуы қиын зиянкестердің бірі болып табылады. Жалпы Қызылорда облысы бойынша қауын шыбыны деп аталатын қауіпті зиянкес алғаш рет Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылдық округінде 2005 жылы тіркелген. «Қауын шыбыны» зиянкесі шешімін күттірмес мәселелер туындатты. Зиянкестердің даму биоэкологиясын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеулердің жоқтығынан, зиянкестерге қарсы жүргізілген күрес шаралары мен олардың таралу аймағын оқшаулау шаралары күтілген нәтижелер бермеді. Шаруашылықтар тарапынан жүргізілетін агротехникалық, химиялық шаралардың биологиялық тиімділігінің жеткіліксіздігінен бақша дақылдарының шығыны жекелеген жерлерде 80-90% құрады. Қауын шыбыны өзінің айрықша ерекшеліктері бар зиянкес болып табылады. Зияндылығы, таралу қарқыны, даму биоэкологиясы бойынша қауын шыбыны бақша дақылдарының сорушы және кеміруші өзге зиянкестерінен едәуір ерекшеленіп тұрады. Зиянкестің жалпы таралу аймағы Еуропада – Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Азияда – Үндістан, Палестина, Солтүстік Иран, Ирак, Израиль, Ауғанстан және Өзбекстан мемлекеттері. Қауын шыбыны зиянкесі көршілес Өзбекстан Республикасында 2005 жылы пайда болып, 2010 жылы тек Қарақалпақстан Республикасы аумағында 20 мың гектарға жуық қауындықты залалдап, жарамсыз жағдайға жеткізген. Ал, Қазақстан Республикасы аумағында 2005 жылы алғаш рет Қызылорда облысында тіркелсе, 2012 жылдан бері Түркістан облысында пайда болып, екі жыл ішінде негізгі қауын егетін аймақтарына түгел дерлік таралып үлгерген. Соңғы жылдары зиянкес Жамбыл облысының Талас және Мойынқұм аудандарында анықталып, облыс бойынша барлығы 85,4 гектар аумақты зақымдағаны белгілі болды. Зерттеу нысаны: Бақша дақылдарының ішінде тек қауын, қарбызды зақымдайтын қауын шыбыны (Мyiopardalis pardalina Вig.) Зерттеу материалдары: 2021-2023 жж. еліміздің оңтүстігі жағдайында (Түркістан облысы, Отырар ауданы) зерттеу жүргізілген кезде қауын шыбынының 614 XXI CENTURY RENAISSANCE IN THE PARADIGM OF SCIENCE, EDUCATION AND TECHNOLOGY INNOVATIONS биологиялық ерекшеліктері (фенологиялық даму фазалары, зияндылығы, зиянкесті жою мақсатында жүрг
Доказательный фрагмент
«Бұл мақалада Қауын шыбынына қарсы қолданылатын агротехникалық және химиялық іс-шаралар, зиянкестің биологиясы мен зияндылығы, зиянкестердің даму циклін зерттеу және инсектицидтердің тиімділігін бағалау болды.»
Образец извлечения
Демо-превьюБұл мақалада Қауын шыбынына қарсы қолданылатын агротехникалық және химиялық іс-шаралар, зиянкестің биологиясы мен зияндылығы, зиянкестердің даму циклін зерттеу және инсектицидтердің тиімділігін бағалау болды. Полный текст публикации CiteX не хранит — доступ к первоисточнику открывается по DOI согласно лицензии издателя и выбранному плану.
- Цитирований
- 0
- Тип
- Журнал
- Страна
- Узбекистан
- Ключевые слова
- Balochistan melon fly melon, pests, diseases, yield and quality, quality, Белуджистанская дынная муха, baluchistan melon fly melon, вредители, балужистан қауын шыбыны қауын, егін және сапа, crop and quality, сапасы, аурулар, урожай и качество, зиянкестер, болезни
Смежные источники
Медицина и инновацииМ Сабиров, О Скосырева +12021
Научные статьиM.H.Sayidova, S.U.Pulatova2025