Иностранная филология: язык, литература, образованиеТАҲЛИЛ АСПЕКТИДА, Кенжаев Аваз Латипович2019
ТҰЛҒА ҰЛТТЫҚ НАМЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ФОЛЬКЛОР ӨНЕРІНІҢ ОРНЫ
ӨНЕРІНІҢ ОРНЫ · Арапбаева Динара Курбановна
Interpretation and researches · 1 · 2026
Аннотация
В научной статье обсуждается влияние фольклорного искусства на формирование национальной гордости личности как составной части духовности нации. Автор подчеркивает важность и актуальность изучения места и роли жанров фольклорного искусства в формировании национальной гордости личности в современном обществе. Ключевые слова: фольклор, личность, жанр, мифология, философия, духовность Annotation: The scientific article discusses the influence of folklore art on the formation of national honor of the individual as an integral part of the spirituality of the nation. The author emphasizes the importance and relevance of studying the place and role of genres of folklore art in the formation of national honor of the individual in modern society. Keywords: folklore, personality, National Honor, genre, mythology, philosophy, spirituality. Кіріспе Өзбек және өзге халықтар фольклорының философиялық мазмұны, мәнінің дамуы динамикалық сипатқа ие болып, жанрлар арасындағы қарым-қатынаста көрініс табады. Атап айтқанда, "біртұтас көркемдік жүйе принципі негізінде пайда болған өзбек фольклоры жанрларының құрамын адам ойлауының даму заңдылықтарымен диалектикалық байланыс тұрғысынан зерттегенде, түрлі көркем пішін мен эстетикалық мәнге ие жанр үлгілері ғасырлар бойы бір-біріне өзара әсер ету және байланысу нәтижесінде пайда болғаны белгілі". [1] Фольклордың тұлғаның рухани мәнін эстетикалық бейнелеуде философиямен ортақтығы болса да, оның мақсаты тұлға арқылы әлеуметтік 65 International scientific journal “Interpretation and researches” Volume 1 issue 9 (55) | ISSN: 2181-4163 | Impact Factor: 8.2 болмысты өзгерту болып табылады. Дегенмен, тұлғаның даралығы бұл мәнді "тұтыну және меңгеру" мүмкіндіктерінде де айқын көрінеді. Сондықтан тұлғаның ұлттық намысын қалыптастырудағы рөліне жанрлар тұрғысынан дифференциалды көзқараспен қарау қажеттілігін ескеру керек. Зерттеу әдіснамасы Автор мақалада тұлға ұлттық намысын қалыптастыруда фольклор мен философияның ортақтық және ерекшеліктері, фольклор жанрларының маңызын зерттеуде негізгі тәсіл ретінде контент-талдау әдісін жүзеге асырады. Сонымен қатар негізгі тұжырымдардарды айқындау барысында салыстырмалы, жүйелік әдістемені қолданады. Фольклорда тұлғаның идеал образдарын жасау және оның ұлттық намысын қалыптастыруда философиямен ортақтық және ерекшелік тұлғаның өмір сүріп жатқан тарихи дәуір қажеттілігін түсіну және бейнелеу тәсілінде нақты көрінеді. Себебі "мифологияның өзіндік философия екенін түсінбей тұрып, оның рәміздерінің мәні мен мазмұнын ашпай тұрып, біз әдебиет пен өнер есігін аша алмаймыз" [2]. Олардың мақсаттары мен міндеттерін салыстырғанда, мақсаттың ортақтығын, сонымен бірге әсер ету бағыттары, тәсілдері мен әдістерінің айырмашылығын көреміз. Фольклор өнері жанрларының негізгі ерекшелігі мен философиялық мазмұны тұлғаның интеллектуалдық қабілетін, эмоциялық сезімдерін идеал образдар арқылы бейнелеу, жалпыадамзаттық руханиятты тұлға деңгейінде үйлестіру қажеттілігін түсінуімен анықталады. Фольклор өнері жанрларының түрлерінде тұлғаның ұлттық намысын қалыптастыруда ортақтық болса да, белгілі бір айырмашылықтар да бар. Атап айтқанда, біріншіден, фольклор өнері жанрларында бейнеленген көркем образдардың тарихи шындықтың идеалы ретінде оған адекватты болуы; екіншіден, кез келген көркем образдың ұлттық намысқа әсері, оның тұлға тарапынан қабылдануы және еліктеушілігінің дифференциалдылығы; үшіншіден, фольклор жанрларының үйлесімі негізінде тұлғаның ұлттық намысын қалыптастыру үшін қолданылған әдістер мен құралдардың кешенділігі; төртіншіден, тұлғаның фольклор кейіпкерлерінің әлеуметтік идеалдарын іске асыруға бейімділігі және рухани-психологиялық дайындығы; бесіншіден, фольклор өнерінің осы тақырып аясындағы мақсаты мен міндеттерінің нақтылығына қарай ерекшеленуі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда фольклор өнері жанрларының тұлғаның ұлттық намысын қалыптастыру міндеттері аясында, бір жағынан, дифференциацияланады және нақтыланады. Екінші жағынан, интеграцияланады және жалпыланады. Бұл процестердің бірлігінде фольклордың ең маңызды функцияларының бірі – сананы мифологияландырудан тұрады. Мифологияланған сана 66 International scientific journal “Interpretation and researches” Volume 1 issue 9 (55) | ISSN: 2181-4163 | Impact Factor: 8.2 шындықты идеалданған түрде бейнелеуімен болашаққа бағдарды анықтап, "рухани динамикалық дамуда белгілі бір кезең болып табылады"[3]. Бірақ, бір жағынан, фольклор жалпы әлеуметтік шындықты, адамның мәнін көркем образдарда бейнелеуде, әсіресе тұлғаның ұлттық намыс сезімдерін қалыптастыруда, оның эмоциялық-рухани қырларын ашып көрсетуде басқа өнер түрлеріне қарағанда бұқаралық болып келеді. Екінші жағынан, әрқашан сезім рационализмге қарағанда шектеулі болғандықтан, фольклорлық көркем образдарда утопистік, мифологиялық, фантастикалық қырлар басымдыққа ие болады. Фольклордың кез келген жанрында тұлғаның ұлттық намысын қалыптастыру үдерісіндегі аналитикалық функциясы оның: идеялық- тақырыптық бағытын нақтылау; образдардың рухани бейнесін типизациялау; реалис
Доказательный фрагмент
«В научной статье обсуждается влияние фольклорного искусства на формирование национальной гордости личности как составной части духовности нации.»
Образец извлечения
Демо-превьюВ научной статье обсуждается влияние фольклорного искусства на формирование национальной гордости личности как составной части духовности нации. Полный текст публикации CiteX не хранит — доступ к первоисточнику открывается по DOI согласно лицензии издателя и выбранному плану.
- Цитирований
- 0
- Просмотров
- 0
- Тип
- Журнал
- Страна
- Узбекистан
- Ключевые слова
- folklore, personality, National Honor, genre, mythology, жанр, фольклор, руханият., тұлға ұлттық намыс, мифология, философия
Смежные источники
Иностранная филология: язык, литература, образованиеФУНКЦИОНАЛЬНЫМИ ГЛАГОЛАМИ, Рисаева Оксана2016
Иностранная филология: язык, литература, образованиеИНГЛИЗЧА ТАРЖИМАДА БЕРИЛИШИ, Касимова Раъно Рахматуллоевна2016
Медицина и инновацииМ Сабиров, О Скосырева +12021